.RU

Іріктеу құжаттамасы Іріктеу бойынша құжаттама «Астана халықаралық әуежайы»

Дата22.01.2017өлшемі63.07 Kb.
Іріктеу құжаттамасы
Іріктеу бойынша құжаттама «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқармасының шешімімен, 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 5 хаттама, бекітілген Астана халықаралық әуежайы асханасының ғимараты мен жолаушылар терминалында коммерциялық қызметті жүзеге асыру үшін қызмет жеткізушілерді іріктеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) негізінде әзірленген.
1. Іріктеуді ұйымдастырушының толық атауы, электрондық мекенжайы мен мекенжайы:

- «Астана халықаралық әуежайы» АҚ;

- airport-info@astanaairport.kz; commerce@astanaairport.kz;

- Астана қаласы, әуежай, 14 ПББ.
2. Ұсыныстарды беру тәртібі. Ұсыныстарда келесі болуы тиіс:

- компанияның қысқаша таныстыруы;



- Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес өтініш;

- заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың, немесе электронды тіркеу жүйесін қолданатын, анықтама берген мемлекеттік органның ресми интернет көзіне жасалған сілтемені қамтитын үміткер өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмелерімен;

- үміткерге қызмет көрсетілетін банктен немесе банк филиалынан берілген Ипотекалық компаниялардағы және екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес, банктің немесе банк филиалының алдында анықтама берілген күннен бұрын үш айдан астам уақытқа созылған міндеттемелердің барлық түрлері бойынша төлем жасау мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігі туралы қол қойылған және мөр басылған анықтамамен (егер үміткер екінші деңгейлі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сонымен қатар шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, аталған анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан ұсыну қажет). Анықтама Қоғамның веб - сайтына Жалға алушыларды іріктеу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеуі тиіс;

- тиісті салық органынан Қоғамның веб - сайтына Жалға алушыларды іріктеу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бұрын берілмеуі тиіс, үш айдан астам мерзім ішінде (төлем жасау мерзімі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шегерілген жағдайларды есептемегенде) салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ екендігі туралы; немесе салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегі бар екендігі туралы берілген белгіленген нысандағы анықтамамен;

- іріктеу мәні болып табылатын қызмет саласында шаруашылық қызметті жүргізудің соңғы 2 (екі) жыл ішінде жалпы белгіленген тәртіпте салық салуға жататын кәсіпкерлік субъектілер үшін ҚР Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қаржылық есептілікті, аудиттелген қаржылық есептілікті ұсынумен;

- іріктеу мәні болып табылатын қызмет саласында шаруашылық қызметті жүргізудің соңғы 2 (екі) жыл ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2013 жылғы 06 желтоқсандағы № 558 (910 нысан) бұйрығына 68-қосымшаға сәйкес есепті, сонымен қатар оңайлатылған мағлұмдама негізінде арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері үшін үміткерге (бар болған жағдайда) қызмет көрсетілетін қолтаңбасы және мөрі бар банктен немесе банк филиалынан үзінді көшірме ұсынумен;

- қаржылық модель түрінде орташа мерзімді кезеңге (3 жыл) қызметтерді дамыту стратегиясы (бизнес-жоспар) көшірмесін немесе түпнұсқасын ұсыну;

- тіркелген сауда таңбасын иеленуді растайтын нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін ұсыну;

- № 4 критерий бойынша бағалау және салыстыру үшін дизайн-жоба мен нобайды ұсыну;

- № 5 критерий бойынша бағалау және салыстыру үшін мәзірді, бағанаманы ұсыну.


1) Ұсыныс қазақ және орыс тілдерінде құрастырылады. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын үміткер де Қазақстан Республиксының резиденті ұсынатын құжаттарды, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған нотариалды куәландырылған ұқсас мәліметтер бар құжаттарды ұсынады.

2) Ұсынысты үміткер немесе сенімхат негізінде оның мүдделерін ұсынатын тұлға іріктеу бойынша құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша желімделген хатқалтада ұсынады.

Хатқалтаның беттік жағында үміткер:

- лоттың нөмері мен лот объектісінің атауын;

- іріктеуді ұйымдастырушының толық атауы мен үміткерді көрсетуі тиіс;

3) Ұсыныс тігулі, парақтары немесе беттері нөмірленген, соңғы парағы немесе беті мөрленген (бар болса), үміткердің қолы қойылып расталған болуы тиіс.

4) Үміткер ұсынысты дайындаумен байланысты барлық шығындарды өзі өтейді.

5) әр үміткер бір уақытта қызметтің бір санаты шегінде тек бір объектіге ғана ұсыныс беруге құқылы.

6) Белгіленген мерзімнің өтуінен кейін ұсынылған ұсыныс, тіркеуге жатпайды және үміткерге қайтарылады.

7) Үміткер ұсынған ұсыныс мерзімі аяқталмай тұрып, ұсынылған ұсыныстың белгіленген мерзімі аяқталуына дейін қайта ұсыну құқығымен өзінің ұсынысын қайтып алуға құқылы. Үміткердің ұсыныс пікірі жазбаша өтінім түрінде Қоғам мекенжайына ерікті нысанда жинақталады.

8) Үміткер ұсыныс беру мерзімі аяқталуға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес, жалгерлік шарты шарттарын нақтылау үшін жазбаша сауал жіберуге, сонымен қатар, іріктеуге қатысу үшін қажетті басқа ақпарат жинауға құқылы.

9) Әр үміткерге Қоғам аймағында белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтаған жағдайда, қарау шығу үшін объектіге баруға мүмкіндік ұсынылады.

10) Әлдеқандай мәліметтің (ақпараттың) жоқ болуы немесе үміткердің дұрыс түсіндірмеуі ұсыныс талаптарын немесе жалдау шартының қаржылық талаптарын қайта қарастыруға негіздеме бола алмайды.
3. Ұсынысы бар хатқалтаны ашу

1) Уәкілетті мүдделі тұлға ұсыныстары бар хатқалтаны ашу бойынша сараптау комиссия отырысына қатысуға құқығы бар.

2) Ұсынысы бар әр хатқалтаны ашуда, сараптау комиссиясы құжаттар тізімін және оның іріктеу бойынша құжатқа сәйкес болуын хабарлайды.

3) Сараптау комиссиясы осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген және іріктеу бойынша құжаттарда көрсетілген талаптарға сәйкес емес деп таныған кезде үміткердің ұсынысын кері қайтарады.


4. Ұсынылған ұсынысты қарау

Ұсыныс сараптау комиссиясымен ұсынысы бар хатқалтаны ашқан 6 (алты) жұмыс күнінен қаралады.


5. Жалпы талаптар

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкестігі;

2) құқықтық қабілетінің болуы;

3) төлем жасауға қабілетті болып табылуы;

4) банкрот немесе тарату рәсіміне жатпауы. Үміткерлердің банкрот немесе тарату рәсіміне қатысы жоқ бөлігіндегі талаптарға сәйкестігін нақтылау мақсатында, Сараптама комиссиясы банкрот немесе тарату рәсімін өткізуге бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет – ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады;

5) заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде сонғы екі жыл ішінде жасасқан қызмет көрсету шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершілікке тартылмауы. Өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамау үшін жауапкершіліктің бар болуы/жоқтығы туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Жоғары сотының интернет-ресурсында орналасқан ақпарат болып табылады;

6) Холдингтің Сенімсіз әлеуетті өнім берушілердің тізбесінде және (немесе) Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізімінде болмауы. Холдинг дегеніміз дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елуден көп пайызы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-қа (Қор) тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын Қор мен заңды тұлғалардың жиынтығы;

7) іріктеу мәні болып табылатын қызметтер саласында сонғы 2 (екі) жыл ішінде алынған түсімді растау;

8) Қоғам алдында орындау мерзімі 2 (екі) айдан астып кеткен міндеттемелерінің болмауы;

9) қаржылық модель түрінде орташа мерзімді кезеңге (3 жыл) қызметтерді дамыту стратегиясы (бизнес-жоспар) көшірмесін немесе түпнұсқасын ұсыну;

10) тіркелген сауда таңбасын иеленуді растайтын нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін ұсыну;

11) іріктеу бойынша құжаттамада мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкестігі.


6. Шарт жасасу

Қоғам белгіленген тәртіпте, 5 (бес) жұмыс күн ішінде іріктеу жеңімпазымен тараптар келісімі бойынша кейіннен қайта жасасу мүмкіндігімен 1 жылдық мерзімге коммерциялық алаңдарды жалға беру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасады.



Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан жағдайда Қоғам келесі шешімді қабылдауға құқылы:

  1. бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша екінші орынға ие болған үміткерді жеңімпаз ретінде анықтау туралы;

  2. жалдау шартын тікелей жасасу арқылы қызметті жеткізушіні тарту туралы.


Достарыңызбен бөлісу:

rus-iznachalnaya-stranica-25.html
rus-svetlij-horoshij-krasivij-svoj-rusi-tajni-drevnih-rusov-fb2.html
rus-vinuzhdena-bila-platit-zahvatchikam-dan-eshe-bolshe-donimali-narod-neprerivnie-nabegi-i-grabezhi-ordincev.html
rusalka-i-nevernij-endryu-skazka-pro-treh-porosyat.html
rusalskie-obryadi-kniga-yavlyaetsya-pryamim-prodolzheniem-kak-bi-vtorim-tomom-moego-issledovaniya-yazichestvo-drevnih-slavyan.html
rusfootball-info-novosti-sajta-26-01-2010-8.html
  • report.bystrickaya.ru/itogi-anketirovaniya-kniga-i-biblioteka-v-zhizni-semi-na-territorii-goroda-na-9-l-v-1-ekz.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/razdel-iv-konceptualnie-idei-programmi-razvitiya-gimnazii-programma-razvitiya-municipalnogo-obsheobrazovatelnogo.html
  • assessments.bystrickaya.ru/chast-1-kniga-izdana-pri-sodejstvii.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prikaz-ot-2010-g-rabochaya-programma-fizicheskaya-kultura-10-klass-sostavitel-semkin-a-g-uchitel-fizicheskoj-kulturi-mou-sosh-49-s-uglublennim-izucheniem-otdelnih-predmetov-goroda-belgoroda.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/programmnij-produkt-sunsystems-otchet-o-programmnom-obespechenii-dlya-vedeniya-ucheta-i-sostavleniya-otchetnosti-soglasno-msfo-8.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-disciplini-akusherstvo-i-ginekologiya-dlya-studentov-4-5-kursa-napravlenie-podgotovki-specialnost.html
  • report.bystrickaya.ru/kalendarno-tematicheskij-plan-predmet-izobrazitelnoe-iskusstvo-2-klass-uchitel.html
  • essay.bystrickaya.ru/doklad-komiteta-po-pravam-invalidov.html
  • letter.bystrickaya.ru/normativnie-pravovie-akti-i-dokumenti-rossijskoj-federacii-mezhdunarodnie-pravovie-akti-i-dokumenti-1.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/andrej-karenin-viktor-pelevin-o-faulze-pro-et-contra.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/programma-kursa-baziruetsya-na-znaniyah-poluchennih-studentami-v-ramkah-sleduyushih-kursov-mikroekonomika-annotaciya.html
  • books.bystrickaya.ru/dalnij-vostok-kak-ptk.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/prikaz-o-vozlozhenii-obyazannostej-t-e-naznachenie-otvetstvennogo-po-ohrane-truda-za-provedenie-instruktazhej-st-217-tk-za-elektrohozyajstvo-p-3-7-pteep-po-pozharnoj-bezopasnosti-ppb-01-03-p-8-materiali.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/postanovleniya-pravitelstva-rossijskoj-federacii-zakonodatelnie-akti-subektov-rossijskoj-federacii-77.html
  • desk.bystrickaya.ru/paromam-dayut-dobro-rbk-daily-lebedev-denis-22092008-178-pervij-kanal-novosti-19-09-2008-sharafutdinov.html
  • abstract.bystrickaya.ru/4-horoshaya-poluchilas-peredishka-antroposarij-osinushki-saga-o-treh-pokoleniyah.html
  • notebook.bystrickaya.ru/kazhdoj-zhenshine-deputatu-yubku-do-pyat-tv-9-1-kanal-14-05-2004-novosti-18-00-00-15-00-00-12-00-00.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vopros-dnya-komsomolskaya-pravda-avtor-ne-ukazan-02072008-096-str-3.html
  • turn.bystrickaya.ru/planirovanie-raboti-i-dokumentaciya-shkolnogo-metodicheskogo-obedineniya.html
  • urok.bystrickaya.ru/proekt-dostojnij-otdih-gorozhan-g-a-gricenko-socialnoe-proektirovanie-v-rabote-s-molodezhyu.html
  • student.bystrickaya.ru/343725--antropogenetika-343731-alfavitno-predmetnij-ukazatel.html
  • studies.bystrickaya.ru/5-osnovnie-ispolniteli-plan-realizacii-strategii-regionalnogo-razvitiya-avtonomnoj-respubliki-krim.html
  • college.bystrickaya.ru/13-vzaimootnosheniya-predpriyatiya-s-kreditnoj-sistemoj-vidi-kredita-kreditnij-dogovor.html
  • shpora.bystrickaya.ru/zamechaniya-k-prilozheniyu-1-kompleksnoe-osvoenie-shtokmanovskogo-gazokondensatnogo-mestorozhdeniya-faza-1-predstavlennoj.html
  • credit.bystrickaya.ru/otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya-negosudarstvennogo-obrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
  • universitet.bystrickaya.ru/sushnost-neprerivnogo-obrazovaniya-chuvashskij-gosudarstvennij-pedagogicheskij-universitet-im-i-ya-yakovleva.html
  • crib.bystrickaya.ru/hochesh-bit-zdorovim-bud-im-stranica-3.html
  • education.bystrickaya.ru/32-poryadok-soglasovaniya-promezhutochnogo-likvidacionnogo-balansa-territorialnimi-uchrezhdeniyami-banka-rossii.html
  • uchit.bystrickaya.ru/strategiya-rasshireniya-deyatelnosti-plan-zhiznennij-cikl-i-disbalans-predpriyatiya-kak-ekono-micheskoj-sistemi.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/viii-zaklyuchenie-obrazovanie.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tarif-v-odnu-storonu-stranica-2.html
  • lecture.bystrickaya.ru/avtorskaya-programma-elektivnogo-kursa-po-geografii-moj-kraj-avtor-programmi.html
  • grade.bystrickaya.ru/mifi-o-podrostkah-kak-subektah-professionalnogo-samoopredeleniya-sovremennoe-obrazovanie-ne-mozhet-polnocenno.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/mentalnie-lovushki-andre-kukla.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-vtoraya-o-racionalizme-nashego-vremeni-svyatogorec-tom-i-s-bolyu-i-lyubovyu-o-sovremennom-cheloveke.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.