.RU

Сценарийі Сахнада кітап көрмесі «Ұлттың ұлы ұстазы»

Дата10.09.2017өлшемі127.23 Kb.
А. Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған

«Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кештің сценарийі
Сахнада кітап көрмесі «Ұлттың ұлы ұстазы» А. Байтұрсыновтың портреті. Әбіш Кекілбаевтың эпиграфы жазылған плакат: “Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.

Оқушы: Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толған мерейлі жыл.

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

1 жүргізуші. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.

Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.
2 жүргізуші. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы…

Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп- түгел осы кітапта қалыптастырылған.

Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

Сап- сары аяқтары ұзын маса,

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?


1 жүргізуші. Қазақ қоғамына рухани тәрбие беруде рөлі өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған осы кітапшаға бағаны қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен бергеніміз жөн болар.

Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: “Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: “Маса” дейтін бірді айтып бірге кететін бір қиссамыз бар”,- деп, қолына Ахаңның кітабын беріпті. Соған назаланған Сұлтанмахмұт “Тұтқындағы Байтұрсынның “Масасына” деген өлеңін жазған екен /1914 ж/. Онда мынадай жолдар бар:

…Бағың жоқ көр соқырдың көзі алдында,

Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:

Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,

Аузына керек тас деп бір алды ма?

Өткірсің наркескеннің алмасындай,

Жүйріксің “полный ходтың” арбасындай.

Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,

Өзінің болмады деп қарғасындай…


Сұлтанмахмұттың осындай бағасынан кейін “Маса” жинағына қандай да болмасын пікір айтудың өзі артық болардай!
2 жүргізуші. Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды. Мысалдарда әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.

№2 Абай атындағы лицейдің 8 сынып оқушысы Нұртаев Ертай А. Байтұрсынұлы аудармаларынан «Өгіз бен бақа» мысалын оқиды.


1 жүргізуші. Байтұрсынұлына М. Әуезов былай баға берген: “Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың “рухани көсемі” .

Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс оязының озбырлығына шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.


2 жүргізуші. Ахаңның әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақыттта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: “Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен. Әкесінен ерте айырылып, көп қиындық көрген Ахмет:

Оқ тиіп он үшімде ой түсірген,

Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма оны ұмытсам,

Болғандай жегеніме бәрі харам,-

десе де, талаптанып, еңбек жолын жалғастырады. Халық мұңын мұңдаған бір топ күрескерлер шоғырын топтастыра отырып:

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,

Жөн сілтедім жақын емес алысқа.

Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,

Дедім «Сен де қатарыңнан қалыспа»- дейді.

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа не алар өлім менен

Өлген күні апарып тығары көр,

Мен жоқ болсам көміліп тәнімменен.


Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын

Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін,-


деп толғайды. Осы іспеттес ақынның ішкі толқыныстарын лықсытып сыртқа шығаратын, түйіп-түйіп айтып тастайтын тұстары аз емес.

А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады…



1 жүргізуші. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

1909 ж. 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан- нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көреді



2 жүргізуші. Абақтыда жатып құдай мен аруаққа сыйынған Ахмет Байтұрсынов:
… Я, құдайым! Аққа жақ!

Өзіңе аян- мен нақақ.

Мені ұстатып, айдатып,

Зығырданды қайнатып,

Масайрасып, мәз болып,

Қуанғанды өзің тап!…-

деп күйінсе де, осындай қиын ахуалда жеке бастың дұшпанын жазалауды арман тұтпай, жаратушыдан өзінің туған халқының болашағын нұрлы етуді жалынып сұрап былай деген еді:

…Аз күндікке алданып,

Аз нәрсеге жалданып,

Адасқанын алаштың

Түзу жолға түсір, хақ!
1909 жылы Семей түрмесінде жатып, қазақ халқының болашақ рухани көсемі, міне, осындай “тілек батасын” айтқан болатын.

1 жүргізуші. Ақыры, Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі- қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. “Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында “Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері қазақ АКСР- нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол съезде А. Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің қазақ деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді. Кеңестер бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР- і деп атауға шешім қабылдады.
2 жүргізуші. 1917 жылы А. Байтұрсынұлы газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясының жұмысына араласады, біршама адасушылық күй кешеді. Бірақ сол замандағы қым- қуат саяси күрестің арасынан нақ жолын тапқан ол кейіннен Совет қызметіне белсене араласты. Мемлекеттік қызметкер ретінде үлкен қызметтер атқарып, жас қазақ совет үкіметінің басшыларының бірі болған А. Байтұрсынұлының басына бұлт үйіріліп, бағы таюы да өз халқының басына түскен ауыр күн, зұлматтармен астас болып келеді. Қазақстандағы бар билікті қолына алып, “Кіші октябрь” саясатын жүргізе бастаған Ф. И. Голощекиннің білек сыбана бір көрінген тұсы- ұйып келе жатқан қазақ интеллигенциясын сүтше іріту еді. 1929 жылдың 2 маусымында алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың алды болып нысанаға, әлбетте, “рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінді.
1 жүргізуші. Сол соңғы ұсталған сағаттан кейінгі халдерін Ахаңның қолында тәрбиеленген Самырат Кәкішев естелік кітабында еске алыпты: “Пәтерімізге кіріп келсем, үй ішінде шашылған заттар, сынған ыдыстар жайрап жатыр… Падрес апа жылап отыр екен… Содан соң: “Ой, Самырат, ағаңды НКВД алып кетті қара машинаға салып. “Қайда апара жатырсыңдар?” – деп сұрасам, бір аласа бойлы, қараторы жас жігіт: “О дүниеге,- дейді.- Сұмдық- ай!”- деп сөйлеп жатыр… Сыртқа қарасам, үйімізді студенттер қоршап алыпты, біздің үйіміздің жанында Заң институты бар еді…”

Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929- 1934 жылдары айдауда болған қуғын- сүргіннің жаңа толқынына ілігіп біржолата кете барды. Халықаралық Қызыл Крест арқылы М. Горькийдің әйелі Е. П. Пешкованың жәрдемімен кесімді мерзімі бітпей, 1934 жылы босанып, әуелі Батыс- Сібір өлкесіне, кейінірек Алматыға оралады. Бірақ ол бостандық баянды болмай, 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.


Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,

Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-

деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.

2 жүргізуші. Алайда мынаны ұмытуға болмас: ел боламыз десек А. Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек, “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.
… Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен емес бір күнгісін

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін,-

деген Ахаң бүгінде бізді болашаққа шақырып тұр.


1 жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты.

Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер- білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді.

Балалар, оқуға бар жатпа қарап,

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн сығалап,-

деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке оқуға шақырды. Осы мақсатта ол Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен бастырып шығады. Бұл жинақ “Замандастарыма” деген кіріспемен басталады. Онда Ахмет Байтұрсынов аударманың мән- мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айтады.

Орыстың тәржіма еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым.
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық,

Күн қайда үздік шығар топты жарып.

Ат тұрмас аяғында желі болса,

Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып.


Бар болса сондай жүйрік қызар деймін,

Естілсе құлағына дүбір барып,

Әйтпесе арық шауып оңдыра ма,

Жүргенде қамыт басып, қажып- талып.

Аудармалардағы әр түрлі аңдар түрлі адамдарды бейнелейді. Адамдардың мінезі, патша отаршыларының, байлардың зорлық- зомбылығын Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. №2 Абай атындағы лицейдің 8 сынып оқушылары Ө. Абылай, Ш.Асылмұрат, О. Ердаулет ақын-жазушылардың А. Байтұрсыновқа арнаған арнауларын оқиды.

( Сканворд, жұмбақтар ) жүргізіледі

А. Байтұрсынов - қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым.

Ахмет Байтұрсынов қызметінің бір саласы- Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрағасы бола жүріп туған халқының рухани қазынасы ән- күйдің өнерін насихаттау мен жинау ісіне ерекше ынта қойып кірісті. Осы қоғамның мүшесі, этнограф-композитор А. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабында оған мынадай баға берілген:

«Ақиқатын айтсақ, Байтұрсынов өз отандастарының арасында білімі жағынан жоғары бағаланатын жақсы домбырашы және тамаша орындаушы ғана емес, өз ұлтының ән- күйлерінің тарихын жақсы білетін, түсінетін терең ойлы азамат. Мен Ахмет Байтұрсыновпен бірге болған кездерімде, оның музыка саласындағы білімін осылай бағаламасқа шарам қалмады. Ол менің жарияланып отырған осы еңбегіме өлшеусіз үлес қосып, зор көңіл бөлді. Ол үнемі маған Торғай, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей, Қарқаралы және Қарақалпақ аймақтарындағы кең танымал халық әндері мен күйлерін қойын кітапшасына жазып алып, маған үнемі хабарлап отырады.

Сондай- ақ, ол- домбыраға арналған екі күйдің авторы болумен қатар өз халқының этнографиясын, тұрмыс- салтын жете игерген әрі жан- жақты білім алған үлкен парасат иесі. Мен нені жинап, неге назар аударуым керек екендігіне де ол үнемі нұсқау беріп әрі қолдау көрсетіп отырды. Сондықтан да, мен оған өмір бойы қарыздармын»,- деп жазғаны белгілі.

Осы аталған аймақтардан Ахаң 60- қа жуық халық әндері мен күйлерін жаздырды.



1- жүргізуші: Тумысынан ауыз әдебиеті, халық әндері мен күйлерін еміп өскен Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер орындаушылығымен қатар, өзі де жанынан ән шығарған айтулы композитор болған.

Қай қонақ келсе де Ахаңның күй сандығын, қызыл қоңырлау скрипкасы мен домбырасын қызықтаудан жалықпайтын. Мұндай музыка аспаптары ол кезде тек қана Ахаң сияқты еуропаша тәлім- тәрбие көріп, білім алған заңғар жандардың ғана үйлерінен табылатын.

Әлкең де, Сәкен де, Мұхаң да бастары қосыла қалғанда, Ахаңа ән салдырып, күй тарттырмай қоймайтын- ды.

“Аққұм” әні орындалады


Аққұмның бір қызы бар Іңкәр атты,

Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті.

Адамның өзім көрген абзалы екен,

Айтайын өлең қылып перизатты.


Көзімнің жанарындай сәулем едің,

Көңілімнің қуанышты дәурені едің…

Ойымнан жатсам, тұрсам еш кетпейсің,

Басымды не сиқырмен әуреледің?!


№15 жалпы білім беретін орта мектебінің 6 сынып оқушысы Таңат Балнұр «Екі жирен» әні орындалады
Екі жирен

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,

Аулыңа барушы едім даламенен.

Түскенде сен есіме, беу, қарағым,

Сағынып сарғаямын санаменен.

Қайырмасы:

Екі жирен, жалын түйген,

Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Ей, құрбым, сөз сөйлейін көрген жайдан,

Айтпаймын күдер үз деп ақ сұңқардан.

Көңілімде еш дауалық болмаған соң,

Бойымда толып жатыр ары, арман.



Қайырмасы:
2-жүргізуші: Иә, сол кездері Ахаңның шаңырағы сырт көзге бал арасының ұясындай болатын. Біреу келіп, біреу кетіп жататын. Бәріне де Ахаңның құшағы ашық еді. Бөле- жармай бәрін тең көретін.

Халықтың жан дүниесінің мөп- мөлдір бұлағындай болған өнеріне шөлі қанғанша мол сусындаған, оған өзі де бір тамшы болса да үлес қосқан Ахаң нақақтан атылды. Бірақ, Ахаңның өмірі де, Ахаңның ілімі де өшкен жоқ, өшпейді де. Оның жүрек үні туған жердің самалынан естіліп, ән болып айтылып, күй болып күмбірлей бермек. Осымен А. Байтұрсыновтың мерейтойына арналған әдеби кешіміз аяқталды. Келіп ат салысып қатысқан оқушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Сау балыңыздар!



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Байтұрсынов, А. Ақ жол. [Мәтін]: өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу/А.Байтұрсынов.-Алматы: Жалын.-1991.-464 б.

  2. Байтұрсынұлы, А. Маса. [Мәтін]: өлеңдер мен көсемсөздер /А.Байтұрсынұлы.- Алматы: Раритет, 2005.-208 б.

  3. Байтұрсынов, А. Әдебиет танытқыш. [Мәтін]: зерттеу мен өлеңдер. /А.Байтұрсынұлы .-Алматы: Атамұра, 2003.- 208 б.

  4. Бес арыс. [Мәтін]: естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар.-Алматы: Жалын, 1992.-180-261 бб.

  5. Ғаламтор.


Достарыңызбен бөлісу:

specialnost-130302-poiski-i-razvedka-podzemnih-vod-tyumenskij-gosudarstvennij-neftegazovij-universitet.html
specialnost-13040465-podzemnaya-razrabotka-mestorozhdenij-poleznih-iskopaemih-prikazivayu.html
specialnost-14020365-relejnaya-zashita-i-avtomatizaciya-elektroenergeticheskih-sistem.html
specialnost-150201-mashini-i-tehnologiya-obrabotki-metallov-davleniem-specialnost-150202-oborudovanie-i-tehnologiya-svarochnogo-proizvodstva.html
specialnost-15041151-montazh-i-tehnicheskaya-ekspluataciya-promishlennogo-oborudovaniya.html
specialnost-190001-obshaya-psihologiya-6-issledovanie-tehnologicheskih-processov-dinamiki-mashin-agregatov.html
  • assessments.bystrickaya.ru/domashnee-chtenie-kak-stat-bolee-interesnim-dlya-okruzhayushih-dorogoj-drug.html
  • spur.bystrickaya.ru/lekciya-17elementi-geografii-rastenij-fitogeografii-konspekt-lekcij-po-botanike-dlya-studentov-specialnosti.html
  • lesson.bystrickaya.ru/opredelenie-kulturologii.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/2-plan-immanencii-zhil-delez-feliks-gvattari.html
  • urok.bystrickaya.ru/pravovie-formi-i-metodi-gosudarstvennogo-upravleniya-upravlencheskij-process-chast-3.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/svyataya-troica-i-tajni-zhizni-i-a-dobrosockij-tajni-zhizni-bogi-i-lyudi.html
  • bystrickaya.ru/vidi-betonnih-smesej.html
  • textbook.bystrickaya.ru/kapitalisticheskij-cikl-i-ego-fazi.html
  • writing.bystrickaya.ru/glava-15-portal-cherez-portal-protivnik-na-gorizonte-glava-1-goj-i-dzhoj.html
  • writing.bystrickaya.ru/arhitektura-sankt-peterburga-leningrad-do-velikoj-otechestvennoj-vojni.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-fizicheskoe-i-psihomotornoe-razvitie-detej-i-podrostkov.html
  • holiday.bystrickaya.ru/ocenka-truda-i-personala.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prikaz-12-noyabrya-2008-g-33101-volgograd-ob-utverzhdenii-spiska-bazovih-obrazovatelnih-uchrezhdenij-volgogradskoj-oblasti-s-ekologicheskoj-specializaciej.html
  • desk.bystrickaya.ru/podrazdel-13-rol-organizmov-v-ochishenii-vodi-vozdejstvie-organizmov-na-koncentracii-veshestv.html
  • occupation.bystrickaya.ru/ministerstvo-obrazovaniya-i-nauki-rf-metodicheskie-ukazaniya-k-vipolneniyu-i-zashite-diplomnih-rabot-dlya-studentov.html
  • composition.bystrickaya.ru/patenti-i-zdravoohranenie-v-prilozhenii-k-nastoyashemu-dokumentu-privodyatsya-poluchennie-kommentarii.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/zayavlenie-upolnomochennogo-po-pravam-cheloveka-v-rossijskoj-federacii.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-anglijskij-yazik-uchebno-metodicheskij-kompleks-sostaviteli-stranica-22.html
  • thescience.bystrickaya.ru/iv-filosofiya-srednevekovya-filosofiya-chast-i-istoriya-filosofii.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-vi-rechevie-kommunikacii-v-delovih-peregovorah-n-t-svidinskaya-kollektiv.html
  • learn.bystrickaya.ru/gazeta-adabij-gezit-nazvanie-vid-izdaniya.html
  • shpora.bystrickaya.ru/zaregistrirovano-v-minyuste-rf-1-sentyabrya-2009-g.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/literatura-obrazovanie-i-nauka-izvestiya-uralskogo-otdeleniyarossijskoj-akademii-obrazovaniya.html
  • spur.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-programmno-metodicheskomu-obespecheniyu-po-fizike-na-2011-2012-uch-god-starshaya-shkola-profilnij-uroven.html
  • letter.bystrickaya.ru/mo-kujbishevskij-rajon-zasedanie-konsultativnogo-soveta-oplanah-rabot-po-blagoustrojstvu-naselennih-punktov.html
  • control.bystrickaya.ru/bileti-po-biologii-9-klass.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-kursu-vneurochnoj-deyatelnosti-slovesnie-zabavihudozhestvennoe-slovo-dlya-1-klassa.html
  • notebook.bystrickaya.ru/ispolzovanie-novih-informacionnih-tehnologij-v-nacionalnoj-biblioteke-respubliki-kareliya.html
  • shkola.bystrickaya.ru/pol-fejerabend.html
  • tasks.bystrickaya.ru/161-livshic-m-yu-avtomatizirovannoe-proektirovanie-optimalnih-tehnologij-poverhnostnogo-uprochneniya-na-osnove-hto.html
  • predmet.bystrickaya.ru/rezultati-itogovoj-attestacii-za-2006-2007-uchebnij-god-otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/v-ria-novosti-projdet-prezentaciya-alboma-posvyashennogo-stalingradu-mayak-novosti-21-09-2005-ovlyakuliev-serdar-15-00-15.html
  • desk.bystrickaya.ru/otveti-na-vse-eti-voprosi-vi-smozhete-poluchit-na-nashem-vebinare.html
  • urok.bystrickaya.ru/programma-nauchno-issledovatelskoj-raboti-napravlenie-podgotovki-080300-finansi-i-kredit.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/kommercheskie-banki-primorskogo-kraya.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.