.RU

Шегебаева Айгерім Рысбайқызы «Қазақстанның қылмыстық-құқықтық саясатында жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету»

Дата22.01.2017өлшемі107.22 Kb.
Шегебаева Айгерім Рысбайқызы
«Қазақстанның қылмыстық-құқықтық саясатында жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету»
6D030300 – «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған

диссертациялық жұмысына

АҢДАТПА
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Осы диссертациялық зерттеуде қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша шараларды әзірлеумен бірге Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясатында жеке өмірге қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ету проблемалары қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты бірқатар негізгі халықаралық құжаттарды бекітті. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына болып жарияланды. Бұл гуманистік басымдылықтар мемлекетіміздің әрі қарай даму бағытын айқындайды. Қазақстан Республиксының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы N 731 Жарлығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) атап көрсетілгендей, «... елде құқықтық мемлекет принциптерін одан әрі бекіту процесінде, бір жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғары ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды».

Өркениетті қоғамның негізгі жетістігі болып саналатын адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының арасында жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығы маңызды орын алады. Дәл осы құқық тікелей жеке адамның бостандығы мен қадір-қасиеті сияқты жалпы адами басымдылықтарды сақтайды. Бұл тұрғыда азаматтардың жеке өміріне қол сұғу кең мағынадағы адамның бостандықтарының біріне қолсұғушылық болып табылады.

Соңғы кездері Қазақстанда азаматтардың жеке өмірін қорғау саласындағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттің қазіргі замандағы қылмыстық саясатының негізгі басымдылықтары жеке адам және оның құқықтары мен бостандықтарының бағыты, ізгілендіру, ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға жақындату болып табылады. Алайда азаматтардың жеке өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған күштер мен құралдар әзірше жеткіліксіз сондай-ақ, сәйкесінше, оларды қолдану үнемі тиімді бола бермейді.

Бүгінгі таңда қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі не болып табылады деген басты мәселе ашық қалып отыр. Себебі заңнамада адамның жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығы мазмұнының өзі ашылмаған. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының субъектісіне қатысты көптеген мәселелер де шешілмей отыр, мысалы, «жария адамның» бейресми өмірін қорғаудың ерекшеліктерін нормативтік реттеу қажет. Ұлттық заңнамада аталған санаттардың болмауы адамның жеке өміріне қолсұғылмаушылықты қорғайтын қылмыстық-құқықтық нормалардың жүйесін талдауды қиындатады.

Терроризмге қарсы әрекет етулерге байланысты азаматтардың негізгі құқықтарына жаңа шектеулердің пайда болуына, көптеген субъектілердің дербес деректер базасына кіруін мүмкін ететін жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты азаматтардың жеке өмірін қорғаудың қылмыстық-құқықтық нормаларын зерттеу өзекті болып табылады. Бұл өткір тұрған әлеуметтік проблемалар азаматтардың жеке өмірінің құпиясына қолсұғылмаушылық құқығын қамтамасыз ету мәселесіне қосымша назар аудартады.

Зерттелуі теориялық та, практикалық та маңызға ие жоғарыда аталған проблемалардың жиынтығы зерттеу тақырыбының өзектілігіне себепші болып отырған азаматтардың жеке өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау проблемаларын шешуде қылмыстық заңның мүмкіндіктері мен шектерін жан-жақты талдауды, ғылыми және әдіснамалық ережелерді, нақты ұсынымдарды әзірлеуді талап етеді.



Диссертациялық зерттеудің мақсаты – жеке өмірге қолсұғылмаушылықты қорғау процесінде туындайтын құқықтық қарым-қатынастарды талдаудың негізінде қолданыстағы қылмыстық заңнама мен құқыққолданушылық тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жолымен негізгі теориялық, практикалық проблемаларды анықтау және шешу.

Зерттеудің міндеттері:

– қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде «жеке өмір» ұғымының мазмұнын теориялық талдау;

– азаматтардың жеке өмірі саласына заңды түрде қол сұғу тәсілдерін регламенттеу жөніндегі қолданыстағы заңнаманың нормаларын шетелдердің заңнамасымен салыстырмалы зерттеу;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу» 147-бабы құрамының элементтерін заң жүзінде талдау;

– азаматтардың жеке өміріне қол сұққаны үшін жауаптылықты көздейтін өзге де қылмыстардың құрамдарына салыстырмалы талдау жүргізу;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар әзірлеу.



Зерттеу объектісі болып азаматтардың жеке өміріне қолсұғылмаушылықты қылмыстық-құқықтық қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар табылады.

Зерттеу пәні болып адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық және мемлекетішілік құқықтық актілердің нормалары, оның ішінде азаматтардың жеке өміріне қолсұғылмаушылық құқығы туралы конституциялық нормалар, азаматтардың жеке өміріне қолсұғушылық үшін жауаптылықты көздейтін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің қылмыстық, қылмыстық-процестік, әкімшілік, азаматтық заңнамасы табылады.

Диссертациялық зерттеудің әдіснамалық негізін әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды танудың диалектикалық әдісінің негізгі ережелері, сондай-ақ оған негізделген жалпы ғылыми және жеке әдістер: тарихи, социологиялық, логикалық, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, формальді-заңдық талдау құрайды. Сонымен қатар зерттеу барысында жүйелілік, кешенді тәсіл, тиімділік және оңтайлылық принциптері, жалпы мен ерекшенің, бөлік пен тұтастың диалектикасы принципі қолданылды.

Басқа ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен байланысы. Диссертациялық зерттеудің тақырыбы Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми кеңесінің отырысында 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 1 хаттамамен бекітілді. Зерттеу Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары аясында жүргізілді (Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2014 жылға арналған ҒЗЖ жоспары (56 поз.).

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Қазақстан Республикасында алғаш рет монографиялық деңгейде азаматтардың жеке өмірін қылмыстық-құқықтық тұрғыдан қорғау проблемаларына кешенді зерттеу жүргізілді. Азаматтардың жеке өмірі ұғымын қалыптастыру және оның мазмұнын ашу, осы негізде жеке өмірдің әртүрлі аспектілеріне қол сұғатын заңсыз әрекеттер шеңберін нақты анықтау теориялық тұрғыда маңызды болып табылады. Келешекте оң тәжірибе алу мақсатымен шетелдік заңнамалар зерделенді, бұл да қылмыстық заңға азаматтардың жеке өмірін қорғауды табысты шешуге ықпал ететін өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік туғызды.

Сонымен қатар жұмыстың жаңалығы:

– азаматтардың жеке өміріне қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ететін нормалардың заңнамалық құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді;

– азаматтардың жеке өміріне қарсы қылмыстар алғаш рет сараланды, сондай-ақ оларды шектеу өлшемдері әзірленді.

Теориялық және практикалық маңыздылығы.

Зерттеуде тұжырымдалған қорытындылар, ұсынымдар мен ұсыныстар құқық қорғау органдарының және соттардың азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, соның ішінде азаматтардың жеке өміріне қолсұғылмаушылықты қорғау жөніндегі практикалық қызметінде, сондай-ақ Қазақстанда қылмыстылыққа қарсы күресудің мемлекеттік саясаты саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру барысында көрініс табуы мүмкін. Жұмыста баяндалған ережелер азаматтардың жеке өміріне қарсы қылмыстармен күресу проблемаларын шешуде белгілі бір үлес қосады және осы салада кейін жүргізілетін зерттеулерге негіз бола алады. Сонымен қатар, көрсетілген материалдар ғылыми-зерттеу қызметінде, оқу үдерісінде, оқу және әдістемелік құралдарды дайындау кезінде қолданыла алады.



Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

1. Автор «жеке өмір» ұғымына анықтама берді, ол былайша тұжырымдалған: «Конституцияда танылған және кепілдік берілген, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғам және мемлекет тарапынан бақылауға жатпайтын адамның тіршілік әрекетінің саласы».

2. Жеке өмір саласына қол сұғудың заңды тәсілдерін зерттеу «жария адамдардың» қызметі саласында құқықтық кемшіліктердің бар екенін анықтауға мүмкіндік берді. Осы проблеманы шешу мақсатында диссертант қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 145-бабын төмендегідей мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтыруды ұсынады: «мемлекеттік қызметшінің жария қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі және көпшілік іс-шараларға қатысқандағы бейнесін ақпараттық мақсатта жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол беріледі».

3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 147-бабына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет:

− баптың атауын (мемлекеттік және орыс тілдерінде) «147-бап. «Өзінің және отбасы құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерге қолсұғылмаушылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу»;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының бірінші бөлігіндегі (мемлекеттік және орыс тілдерінде) «адамдардың» сөзін «адамның» деп ауыстыру, сонымен қатар зиянды салдарға қатысты «абайсызда» сөзімен толықтыру;

– Мемлекеттік тілдегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 147-бабының екінші және төртінші бөліктеріндегі «Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын» деген сөз тіркесін «Адамның өзінің немесе отбасы құпиясын құрайтын» деп өзгерту;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының екінші бөлігінен: «не өзге де дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесiнде адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiру» сөз тіркесін алып тастау;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің орыс тіліндегі мәтінінде 147-баптың төртінші бөлігіндегі «незаконного» сөзінің жалғауын өзгертіп, «незаконных» деп қолдану;

– үшінші бөлік санкциясының «бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деген сөздерінің алдына «үш жылдан» деп толықтыру;

 төртінші бөлік санкциясының «бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деген сөздерінің алдына «екі жылдан» деп толықтыру;

 бесінші бөлік санкциясының «жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деген сөздерінің алдына «бес жылдан» деп толықтыру.

4. Жеке өмірге қолсұғылмашылыққа қарсы қылмыстарға жан-жақты жіктеу жүргізіліп және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 147-бабы бойынша жеке өмірге қолсұғылмаушылықты қылмыстық бұзудың, жеке өмірдің жекелеген аспектілерін қозғайтын өзге де қылмыстардан ажыратудың негізгі өлшемдері әзірленді.

5. Жеке өмірдің бөлек аспектілерін толық қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнамаға келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:

– Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 314-бабының үшінші азат жолында «істерді» деген сөзден кейін «іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша» деп толықтыру;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 138-бабының санкциясын төмендегідей редакцияда мазмұндау: «белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады»;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 148-бабы екінші бөлігінің санкциясында «екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге» деген сөздерден кейін «немесе онсыз» деп толықтыру;

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 148-бабын келесідей үшінші бөлікпен толықтыру: «Осы баптың бірінші және екінші бөлiгiнде көзделген, адамның өзінің немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау мақсатында, не адамның құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келтiрген іс-әрекеттер – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады».



Зерттеу нәтижелерін мақұлдау. Жүргізілген диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері, теориялық ережелер, оларға негізделген қорытындылар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында, Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасында талқылану барысында мақұлданды.

Диссертацияның негізгі теориялық ережелері мен қорытындылары төмендегідей халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда ғылыми баяндамаларда мақұлданды:

– «Қазіргі әлемдегі ғылым және білім» (Қарағанды: «Болашақ» Қарағанды университеті, 21-22.02.2014);

– «Жеке адамның құқықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық негіздері» (Астана: КАЗГЮУ университеті, 19.06.2015);



– «Закон и правопорядок в третьем тысячелетии: IV Балтийский юридический форум» (Калининград: Калининградский филиал Санкт-Петербургского университета МВД России, 18.12.2016 г.).

Қолданылуы. Диссертациялық зерттеулердің нәтижелері, қорытындылары және ұсыныстары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қызметінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметінде, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» Мемлекеттік мекемесінің және «Болашақ» Академиясының Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер орталығының ғылыми-зерттеу қызметтерінде, Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметінде және оқу үдерісінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының оқу үдерісінде қолданылады.

Жарияланымдар. Диссертацияның негізгі ережелері, қорытындылар мен ұсыныстар сегіз ғылыми мақалада, оның ішінде төртеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрді (ҚазҰУ Хабаршысы: заң сериясы. – Алматы, 2014. – № 3 (71), Қазақстанның ғылымы мен өмірі. – Алматы, 2014. – № 6 (27), ҚазҰУ Хабаршысы: халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. – Алматы, 2015. – № 2 (70), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршысы»: гуманитарлық сала. – Астана, 2016. – № 1 (110)), бір мақала Journal of Advanced Research in Law and Economics (ISSN2068696X-Romania-Scopus) 2(12) Summer 2016 рейтингі бар Scopus базасына енетін журналға шықты, бір мақала шетелдік (IV Балтийский юридический форум «Закон и правопорядок в третьем тысячелетии»: Материалы Международной научно-практической конференции 18.12.2015 г. / под ред. С.В. Векленко. – Калининград: Калининградский филиал СПбУ МВД России, 2016) және екі мақала отандық (Замануи әлемдегі ғылым мен білім: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 21.02.2014 ж. – Қарағанды: РИО «Болашақ-Баспа», 2014; Жеке тұлғаның құқықтарын қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 19.06.2015 ж. – Астана: ТОО «КазГЮУ Консалтинг», 2015) халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағында жарияланды.

Диссертациялық зерттеудің құрылымы мен көлемі жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:

sekciya-geografiya-uchebnoe.html
sekciya-gigieni-ekologii-i-sanitarnoj-mikrobiologii-programma-56-j-nauchnoj-studencheskoj-konferencii-petrozavodsk-2004.html
sekciya-gosudarstvennoe-i-municipalnoe-upravlenie-osobennosti-yaponskogo-menedzhmenta.html
sekciya-grazhdanskij-process-programma-novokuzneck-2011-celyu-provedeniya-nauchno-prakticheskoj-konferencii.html
sekciya-gumanitarnih-disciplin-nauchnoj-konferencii-lomonosovskie-chteniya-i-mezhdunarodnoj-nauchnoj-konferencii-studentov.html
sekciya-himii-programma-16-18-fevralya.html
  • composition.bystrickaya.ru/polozhenie-o-v-moskovskom-otkritom-festivale.html
  • letter.bystrickaya.ru/naredba-za-medicinskata-ekspertiza.html
  • esse.bystrickaya.ru/rabochaya-uchebnaya-programma-disciplini-matematika-razrabotana-na-osnove.html
  • abstract.bystrickaya.ru/1-radioaktivnost-lekci-radioaktivnie-prevrasheniya.html
  • letter.bystrickaya.ru/minus-politika-vremya-novostej-30032009-novosti-7.html
  • testyi.bystrickaya.ru/associaciya-rossijskih-bankov-strategiya-povisheniya-konkurentosposobnosti-nacionalnoj-bankovskoj-sistemi-rf-moskva-2005-g.html
  • books.bystrickaya.ru/dolgosrochnaya-celevaya-programma-energosberezhenie-i-povishenie-energeticheskoj-effektivnosti-novosibirskoj-oblasti-na-period-do-2015-goda-v-red-postanovleniya-pravitelstva-novosibirskoj-oblasti-stranica-20.html
  • textbook.bystrickaya.ru/indiya.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-fizicheskaya-geografiya-tihookeanskogo-regiona-nazvanie.html
  • report.bystrickaya.ru/kniga-prednaznachena-dlya-vseh-kto-ne-ravnodushen-k-problemam-rozhdeniya-i-zdorovogo-razvitiya-rebyonka-stranica-18.html
  • thescience.bystrickaya.ru/gosudarstvennaya-duma-otmechaet-tisyachnoe-zasedanie-grizlov-b-v-monitoring-smi-24-26.html
  • literatura.bystrickaya.ru/servisnie-programmi-vneshnie-utiliti-obespechivayushie-ryad-dopolnitelnih-vozmozhnostej-po-obsluzhivaniyu-informacionnoj-sistemi-klassifikaciya-subd.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskoe-posobie-dlya-postupayushih-v-aspiranturu-tgameup-ekonomicheskih-sociologicheskih-i-yuridicheskih-specialnostej.html
  • writing.bystrickaya.ru/livonskaya-rifmovannaya-hronika.html
  • thescience.bystrickaya.ru/k-a-fisun-modeli-i-metodi-prinyatiya.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tema22-uchet-raschetov-po-platezham-v-byudzhet-kursi-ipbr-vremya-provedeniya.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/primernij-perechen-laboratornih-rabot-osnovi-algoritmizacii-i-programmirovaniya-v-tradicionnih-i-intellektualnih-kompyuterah.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/vtoroj-ikonoborcheskij-sobor-815-g-a-v-kartashev-vselenskie-sobori.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zadachi-postavlennie-dlya-dostizheniya-celi-dat-predstavlenie-o-prirode-mirovogo-processa-v-drevnej-indii.html
  • klass.bystrickaya.ru/9-geografiya-biografii-istoriya-ukazatel-cheboksari.html
  • lecture.bystrickaya.ru/5-razyasnenie-dokumentacii-ob-aukcione-izmeneniya-izvesheniya-o-provedenii-aukciona-izmeneniya-dokumentacii-ob-aukcione-otkaz-ot-provedeniya-aukciona.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/ukazatel-imen-stranica-43.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/pravila-priema-v-federalnoe-gosudarstvennoe-avtonomnoe-obrazovatelnoe-uchrezhdenie-visshego-professionalnogo-obrazovaniya-severo-vostochnij-federalnij-universitet-imeni-m-k-ammosova-na-2012-god.html
  • tests.bystrickaya.ru/luchshij-innovacionnij-produkt-2009g.html
  • turn.bystrickaya.ru/oslablenie-magnitnih-svyazej-elennoj-i-nashe-mirovozzrenie-sbornik-izbrannih-trudov-obshegorodskogo-seminara-pri.html
  • studies.bystrickaya.ru/chelovek-i-noosfera-chast-2.html
  • control.bystrickaya.ru/drster-keshen-pn-zhalpi-gigiena.html
  • spur.bystrickaya.ru/lyubov-i-priroda-v-lirike-feta.html
  • studies.bystrickaya.ru/chetvertij-god-obucheniya-uchebnaya-programma-dlya-visshih-uchebnih-zavedenij-po-specialnocti-1-21-05-06-romano-germanskaya-filologiya.html
  • lecture.bystrickaya.ru/43-uchet-ispolzovaniya-nomernogo-fonda-gostinichnie-uslugi.html
  • lesson.bystrickaya.ru/ocenki-ureguliruemosti-zachet-vstrechnih-trebovanij-netting-obespechenie-videlenie-aktivov-klientov-zashitnie-mehanizmi.html
  • literature.bystrickaya.ru/elastichnosti-zamesheniya-v-modelyah-realnogo-delovogo-cikla-s-domashnim-proizvodstvom-stranica-3.html
  • tests.bystrickaya.ru/l-v-shaposhnikova-vrata-v-budushee-stranica-58.html
  • esse.bystrickaya.ru/programmi-osnovnogo-obshego-i-srednego-polnogo-obrazovaniya-programmi-nachalnogo-obshego-obrazovaniya-predmet.html
  • holiday.bystrickaya.ru/o-razlichii-ishodnih-ponyatij-formalnoj-i-soderzhatelnoj-logik-programmi-podhodi-koncepcii-31-princip-parallelizma.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.